Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фотография - Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

185 0

Синоптиктердің болжауынша, бүгін ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста кей жерлерде нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жауып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжануда.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды, түнде Алматы, күндіз, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді – 15-20 м/с. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық, Ақтөбе облысында өте қатты ыстық болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!