21 маусымда Алматыда экология мен даму бойынша халықаралық конференция өтеді

Фотография - 21 маусымда Алматыда экология мен даму бойынша халықаралық конференция өтеді

Ісшара мақсаты - Орталық Азия өңірінде экологиялық ынтымақтастықты дамыту

193 0

21 маусымда Алматы қаласы Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨЭО) 15 жылдық мерейтойына арналған «Орталық Азияда қоршаған орта және тұрақты даму бойынша ынтымақтастық» Халықаралық конференциясы өтеді.

Ісшара мақсаты - Орталық Азия өңірінде экологиялық ынтымақтастықты дамытуды, атап айтқанда, прогресс пен жетістіктерді, жоспарлар мен басымдылықтарды талқылау болып табылады. Конференция аясында келесі он жылдықта Орталық Азиядағы ынтымақтастық стратегиясын анықтайтын қорытынды құжатқа қол қою жоспарланады.

Конференция спикерлері болып келесі ресми тұлғалар шығады : Қанат Бозымбаев – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, Ескендір Абдуллаев - ОАӨЭО атқарушы директоры, Әбдіхалық Рустамов – Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау және орман шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры; Хайрулло Ибодзода – Тәжікстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қоршаған ортаны қорғау комитетінің төрағасы;, Мерген Аннабаев – Түркменстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және жер ресурстары мемлекеттік комитетінің төрағасы, Бахтиёр Абдусаматов - Өзбекстан Республикасының Табиғатты қорғау жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы;

Конференция аясында төменде аталғандар шығып сөйлейтін үш пленарлық отырыс өтеді Питер Буриан мырза, Орталық Азия елдері бойынша Еуропалық Одақтың 

Арнаулы өкілі,  Еуропалық сыртқы байланыстар қызметі, Дьердь Сабо мырза - Елші, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы Бағдарламалар офисінің басшысы, Джордж Бума мырза - Топ жетекшісі, Еуропаға және ТМД бойынша өңірлік орталық, Біріккен ұлттар ұйымының даму бағдарламасы, Тициана Бонапасе ханым - Офис басшысы, Солтүстік және Орталық Азия бойынша Азия және Тынық мұхит экономикалық және әлеуметтік комиссияның қосалқы өңірлік өкілі, Джордж Дейкун мырза - Орталық Азиядағы Өңірлік міндет директоры, Халықаралық даму бойынша АҚШ агенттігі, Бо Либерт мырза- Қоршаған ортаны қорғау бойынша өңірлік кеңесші, БҰҰ ЕЭК Қоршаған орта бөлімі, , Ян Дусик – Еуропа бойынша Қоршаған ортаны қорғау бойынша БҰҰ бағдарламасы өңірлік бюросының директоры, Айсбранд де Йонг мырза –Бүкіләлемдік банктің су ресурстары жөніндегі жетекші маман; Фолькер Фробарт мырза – Орталық Азиядағы су ресурстарын көлікшекаралық басқару (GIZ GmbH) бағдарламаларының директоры және Пеэп Мардисте мырза – ЕО, БҰҰ ЕЭК су бастамалары бағдарламаларының менеджері.

Конференция кезінде ұйымдастырылған тақырыптық панелдік секцияларда Орталық Азиядағы климаттық өзгерістер, су ынтымақтастығы, өзарабайланыстар бойынша негізгі мәселелер талқыланатын болады.

Халықаралық конференция қатысушылары болып шетел істері министрлігінің, Орталық Азия елдерінің табиғат қорғау және экологиялық министрліктері мен мекемелерінің өкілдері Орталық Азияның өңірлік экологиялық орталығының басқарушылар кеңесінің және Қоғамдық консультативтік кеңесінің мүшелері, ҮЕҰ өкілдері, халықаралық, өңірлік ұйымдардан, БАҚ-дан серіктестер мен донорлар шығады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!