Премьер-министр Қазақстан азаматтарына 10 сотық жер беру туралы айтып берді

Фотография - Премьер-министр Қазақстан азаматтарына 10 сотық жер беру туралы айтып берді

Берілетін жер телімдеріне инфрақұрылым тартылатын болады

1212 1


ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов тұрғын үй құрылыс саласында жаңа бағыт ЖТҚ арналған жел телімдеріне инфрақұрылым тарту болатындығын айтты. Бұл туралы ол мәжіліс депутаты Шавхат Өтемісовтың экономика екпінін төмендетпеу шаралары туралы қойған сұрағына жауабы кезінде айтты, деп жазады Today.kz.

"Біз назар аударғымыз келетін бірнеше маңызды сәттер бар. Экономика дамуының бір түрткісі тұрғын үй құрылысын жалғастыру. Бұл бағдарламада жеке тұрғын үй құрылысы үшін инфрақұрылым тарту жаңа бағыт болмақ. Бұл облыс әкімдіктері арқылы жүзеге асады", - деді Мәсімов.

Ол кейінгі кездегі жер айналасындағы даудың ушығып кеткені турасында да сөз қозғады.

"Біздің ойымызша, инфрақұрылым тартылған 10 сотық жер беру осы мәселенің оңды шешім табуына септеседі. Сондықтан қаржының біраз бөлігі ЖТҚ үшін инфрақұрылым тартуға жұмсалады", – деп аяқтады сөзін үкімет басшысы.

Естеріңізге салсақ, Алматының Алатау ауданының тұрғындары 10 сотық жер алуға маусым айындағы үш күнде бес мыңнан астам өтініш беріп үлгерген. Кезекті жалған ақпараттан кейін алматылықтар арандатушылық туралы ескертілді. Оқиға жайында шенеуніктер адамдарға жалған ақпарат таратылғанын айтты. Оның үстіне өтініш берушілердің жартысына жуығы Алматы тұрғындары емес.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Жанашыр 19 мау. 2016

Алматы тұрғыны болмаса да жері жоқ болған соң тіркелген ғо, мен мысалға Алматы тұрғынымын, мен барып тіркелсем жер бере салатындай

Жауап беру