Шығыс Қазақстан ауруханаларына 100 автокөлік берілді

Фотография - Шығыс Қазақстан ауруханаларына 100 автокөлік берілді

Бүгін Өскеменде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекелерінің қарсаңында салтанатты шара өтті.

314 0

Шығыс Қазақстанда Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, медицина қызметкерлері күнінің қарсаңында аймақ ауруханаларының материалдық-техникалық жағдайы нығая түсті. Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов салтанатты шара аясында медициналық мекемелердің бас дәрігерлеріне "УАЗ" маркалы 100 автокөліктің кілттерін табыс етті. Олардың басым бөлігі ауылдық жерлерге жіберіледі, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

Бүгін Өскеменде медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекелерінің қарсаңында салтанатты шара өтті.  

"Медицинаға атақ мен даңқ үшін келмейді. Бұл салаға адам өміріне араша болатын жандар ғана келеді. Облыста денсаулық сақтау саласы «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының аясында дамып келеді. Тек соңғы жылы ғана 10 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілді. Облысымызда еліміздегі ірі гематологиялық орталық салу жоспарланып отыр. Бүгін табысталған автокөліктердің басым бөлігі ауылдық жерлерге жіберіледі. Яғни, біз ауыл тұрғындарының жаңа технологиялардан қалыс қалмауын көздеп отырмыз. Төл мерекелеріңізге орай баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел азаматтарының денсаулығын сақтау жолындағы тынымсыз еңбектеріңізге табыс тілеймін", - деді Даниал Ахметов өз құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар, салтанатты іс-шара шеңберінде аймақтың 4 медицина қызметкеріне «Денсаулық сақтау саласының үздігі» төсбелгілері табысталды. Сондай-ақ, медицина саласындағы көпжылдық еңбегі мен жеткен жетістіктері үшін 4 адам арнайы төсбелгілермен марапатталды.

Одан кейін аймақ басшысы ШҚО Қоғамдық кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың хатшысы Владимир Головатюкпен бірге медициналық мекемелердің басшыларына автокөлік кілттерін табыстады. Автокөліктерді сатып алу ұсынысы облыстың Қоғамдық кеңесінде көтерілген болатын. Осы мақсатқа жергілікті бюджеттен 330 млн теңге қаржы бөлінді. Сатып алынған көліктердің 75%-ы ауылдық жерлерге қызмет көрсетуге жіберілуі орынды.

Айта кетсек, "Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 60 отбасы-дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт, 15 аурухана және 3 емхананы жөндеу жоспарлануда


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!