Қазақстан келесі жылы визасыз мемлекеттер тізімін ұлғайтатпақ

Фотография - Қазақстан келесі жылы визасыз мемлекеттер тізімін ұлғайтатпақ

Келесі жылдан бастап визасыз режим Монако, Малазия, Сингапур, сондай-ақ, 35 мемлекетке қолданылатын болады.

213 0

Келесі жылдан бастап визасыз режим Монако, Малазия, Сингапур, сондай-ақ, 35 мемлекетке қолданылатын болады. Бұл мемлекеттер Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы құрамында, олардың басым бөлігі – Еуропалық Одақ мүшелері.

Бұл жөнінде ұлттық компания Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов басқарған "Астана ЭКСПО-2017" делегациясының Париждегі Халықаралық Көрмелер бюросының Бас Ассамблеясының 159-сессиясында берген есебі барысында белгілі болды.

Көрме ұйымдастырушылары айтуынша, бұл шешім Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмені өткізу барысында келетін шетелдік туристер қатарын ұлғайтатын болады.

Айта кету керек, елімізде шетелдік қонақтардың келуіне қолайлы жағдай жасалуы үшін бүгінде 20 дамыған мемлекет үшін бір жақты түрде визасыз режим белгіленген болатын.

Өз кезегінде, ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов баяндамасында мемлекеттік органдармен бірлесіп, туристердің Астанада уақытын қолайлы ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқталды. Әсіресе, көлік инфрақұрылымының жақсартылуы, көрмеге билет сатылымы басталғандығын, ресторандар мен фуд-корт жүйесінің дамуы туралы, іс-шараның шетелде ілгерілетуге назар аударылып жатқандығын, сондай-ақ, Қазақстан мен одан тысқары жүздеген туроператорлармен ынтымақтастықтың жолға қойылғандығын айтты.


baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!