Халал кәсіпорынның азық-түлік сапасы тексерілді

Фотография - Халал кәсіпорынның азық-түлік сапасы тексерілді

"OZYURT" халал кәсіпорыны 2016 жылдың ақпан айында "Халал Даму" ЖШС-ның сертификатын алған болатын.

448 0

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының "Халал өнімдерін стандарттау" бөлімі, "Халал Даму" ЖШС-ның қызметкерлері жартылай дайын өнімдер шығаратын "OZYURT" өндіріс ошағына тексеріс жұмыстарын жүргізді.

"OZYURT" халал кәсіпорыны 2016 жылдың ақпан айында "Халал Даму" ЖШС-ның сертификатын алған болатын. Содан бері Діни басқарманың бақылауында жұмыс жасап келеді.

Тексеріс барысында кәсіпорынның шариғат талаптарын сақтау тәртібі мен өнімдердің құрамы тексерілді. Себебі, халық өнімдердің қорабында халал деген таңба тұрсада күмәнмен қарайды. Ал, кәсіпорындардың жұмысын үнемі қадағалап, бақылап отыру өнім сапасын жақсартудың негізгі бағыты мен алғышарттарының бірі.

"Жартылай дайын өнім шығаратын "OZYURT" кәсіпорынына сертификат беруіміздің басты себебі, халық көп жүретін орындарда тез дайындалатын тағамдардың шариғат талаптарына сай болуы өтте маңызды. Бұл кәсіпорын "Халал Даму" ЖШС-ның стандарттары бойынша сертификатталды. Осындай халал өнімдер шығаратын өндіріс ошақтары елімізде көбейсе деген ниеттеміз. Өйткені, өнімдердің қағазында халал деген таңба тұрсада халық күмәнмен қарайтын болды. Діни басқарма осы жағдайды болдырмас үшін қатаң қадағалау, бақылау жұмыстарын жүргізіп келеді", – деді "Халал Даму" ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев.

Кәсіпорын"Халал Даму" ЖШС-ның сертификатын алып, "халал" стандарты бойынша өнім өндіріп, халыққа қызмет етіп келеді.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!