Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайымен танысты

Фотография - Шымкент әкімі қала көшелерінің жағдайымен танысты

Ғабидолла Əбдірахымов қала көшелеріндегі жағдайды тексеру барысында бірнеше кемшіліке назар аударды.

227 0

Шымкент қаласының басшысы қала көшелерінің жағдайын өз көзімен көріп қайтты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Ғабидолла Əбдірахымов қала көшелеріндегі жағдайды тексеру барысында бірнеше кемшіліке назар аударды. Нақты айтқанда, Əл Фараби көшесінде аяқ жолдың плита тақтайшалары толық қойылмаған. Оған қоса жолдың жағасындағы арықтың беті ашық, темір тормен жабылмаған. Соның салдарынан қала тұрғындары аяқ жолдарға шығу үшін арықтан аттап өтуге мəжбүр.

Сонымен қатар, бірнеше автобус аялдамаларында отыратын орындықтардың жоғын көрген қала басшысы əкімдік қызметкерлеріне алдағы уақытта орын алған кемшіліктерді жойып, жолдың жағдайын үнемі бақылап отыруды тапсырды. Əкім Шымкенттің көшелері заманауи мегаполиске лайықты болу қажеттігін атап өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!