Н.Назарбаев Карелиядағы балалардың қазасына байланысты В.Путинге көңіл айтты

Фотография - Н.Назарбаев Карелиядағы балалардың қазасына байланысты В.Путинге көңіл айтты

Қайтыс болған 12-і мен 17-і жас аралығындағы жасөспірімдердің басым көпшілігі Карелияға Мәскеуден демалуға келген балалар екен

193 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеделхатта Карелия Республикасының сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалардың қайғылы қазасы туралы суыт хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді.

Естеріңізге салсақ,"Парк-Отель Сямозеро" сауықтыру лагерінде демалып жатқан балалар Сямозеро көліне қайықпен серуенге шығып, дауылға тап болған.Қайық аударылып балалар суға кеткен.  Құтқарушылар 14 баланың  мәйітін көлден алып шыққан

20 маусым Карелияда аза тұту күні болып жарияланды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!