Биылдан бастап "Болашақ" үміткерлеріне қойылатын талаптар өзгертілді

Фотография - Биылдан бастап "Болашақ" үміткерлеріне қойылатын талаптар өзгертілді

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілетін болды.

322 0

Биылдан бастап «Болашақ» бағдарламасы үміткерлерінің шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балы мен жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Болашақ" бағдарламасы еліміздің индустриялдық-инновациялық дамуымен біте қайнасып жатыр. Сол себепті мамандарға қажетті сұранысты анықтау мәселесін ұдайы жетілдіре отырып, біз осы комиссияда мамандарды даярлау жұмысын пысықтаудамыз. Конкурстық іріктеу деңгейін жетілдіру бойынша нақты іс-шаралар қолға алынды. Биылдан бастап үміткерлердің шет тілін білу деңгейіне, дипломның орташа балы мен жұмыс өтіліне қатысты талаптар өзгертілді", - деді мемлекеттік хатшы.

Г.Әбдіқалықованың айтуынша, "Болашақ" халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу қағидаларына өзгерістер енгізілетін болды.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!