Оңтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды

Фотография - Оңтүстік Қазақстан облысында өрт қауіпсіздігінің айлығы басталды

None

656 0

Оңтүстік Қазақстанда өңір басшысының қаулысымен «Өрт қауіпсіздігінің айлығы» жарияланды. Мақсаты – өрттің алдын алып, кейінгі толқынды өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауға оқыту болып табылатын шарада барлық білім беру нысандары өрт қауіпсіздігі тексерісінен өтетін болады. Айлық шарасы 20 маусым мен 1 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

ОҚО ТЖД басшысы А.Путейконың айтуынша, аталған айлық аясында қолға алынған іс-шаралар кешені білім мекемелерінде өрттің орын алу қауіпін азайтып, оның алдын алуға себеп болады.

Негізінен департамент тарапынан үнемі тексеру жүргізіліп тұрады. Атап айтқанда, осы жылдың басынан бастап мемлекеттік инспекторлармен 33 интерактивті дәріс ұйымдастырылып, жүргізілді. Оған 249 оқу орнынан 6694 қатысушы қамтылды. Өрт сөндіру бөлімдерінде «Ашық есік күндері» мен экскурсиялар, жарыстар мен сұрақ-жауаптар өткізілуде.

Сонымен қатар, осы жылдың наурыз-мамыр айы аралығында 1700-ден астам білім мекемелері тексеріліп, өрт қауіпсіздігінің ережесін бұзған 10 мыңнан астам жағдай анықталды. Нәтижесінде, білім саласының 1300-ден астам қызметкеріне 40 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тіркелген өрт статистикасына көз жүгіртсек, соңғы бес жылда білім нысандарының 35-ін қызыл алау шарпып, құны 7 миллион теңгеден астам соманы құрайтын шығын келген. Ал 2016 жыл басталғалы 1 білім мекемесінде өрт жағдайы тіркелді.

 



Тегтер:

өрт айлағы ОҚО

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!