Нұрлан Нығматуллин ҚР Парламент мәжілісінің депутаты болды

Фотография - Нұрлан Нығматуллин ҚР Парламент мәжілісінің депутаты болды

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы қызметін атқарған Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелді.

391 0

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматуллин Мәжіліс депутаты болып тіркелді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңның 97-1 бабы 6-тармағына сәйкес, "Нұр Отан" партиясы Саяси кеңесі Бюросының шешімі негізінде Нұрлан Зайруллаұлы Нығматуллинді Мәжіліс депутаты ретінде тіркеді.  

Осыған дейін ҚР ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалуына байланысты Мәжіліс депутаты Роман Склярдың өкілеттілігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.

1984 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 1985 жылы БЛКЖО ОК жанындағы жоғары комсомол мектебін бітірген.

1984-1985 жж. "Қарағанды облгаз" өндірістік бірлестігі автобазасының техника қауіпсіздігі инженері, автоколонна бастығы,

1985-1993 жж. Қарағанды қаласындағы Ленин ауданның комсомол комитетінің 1-хатшысы,

1990-1993 жж. – Қазақстан Жастар ұйымы комитетінің төрағасы,

1993-1995 жж. - "Тенкри" қазақстандық-американдық бірлескен кәсіпорынның президенті,

1995-1999 жж. – ҚР Президенті Әкімшілігінің ұйымдық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары.

1999-2002 жж. – Астана қаласы әкімінің орынбасары.

2002-2004 жж. – ҚР Көлік және коммуникация министрінің орынбасары

2004 жылдың маусым айынан, 2006 жылдың қаңтар айы аралығында – ҚР Президенті әкімшілігі жетекшісінің орынбасары.

2006 жылдың қаңтарынан, 2009 жылдың қарашасы Қарағанды облысының әкімі.

2009 жылдың қараша айынан, 2012 жылдың қыркүйек айы аралығында – "Нұр Отан" ХДП Төрағасының Бірінші орынбасары.

2012 жылы 20-шы қаңтарынан, 2012 жылы 3 сәуір аралығында - ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы.

2014 жылы 3 сәуір бастап - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!