Б.Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымының" төрағасы болып сайланды

Фотография - Б.Ізмұхамбетов "Ардагерлер ұйымының" төрағасы болып сайланды

Төралқа мүшелері "Ардагерлер ұйымы" РҚБ төрағасы лауазымына Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады

296 0

Бүгін "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесі төралқасының кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Өмірзақ Озғанбаевтың өз еркімен орнын босатуы және "Ардагерлер ұйымы" РҚБ жаңа төрағасын сайлау туралы мәселе қаралды.

Төралқа мүшелері   "Ардагерлер ұйымы" РҚБ   төрағасы лауазымына  Бақтықожа Ізмұхамбетовтің кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Төралқа отырысының қорытындысы бойынша Б. Ізмұхамбетовті Орталық ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушының лауазымына тағайындау және оның кандидатурасын кезекті пленумда қарауға шығару туралы қаулы қабылданды.

"Ардагерлер ұйымы" РҚБ төрағасының орынбасары лауазымына Ө. Озғанбаевтың кандидатурасы мақұлданды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!