Кім біледі сөз алатын мүмкіндік тағы болады ма, жоқ па - Мәсімов Исекешевке

Фотография - Кім біледі сөз алатын мүмкіндік тағы болады ма, жоқ па - Мәсімов Исекешевке

Премьер-министр ИДМ басшысына сөз ұсына отырып, сезігін жасырмады.

271 0

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов селекторлы кеңес барысында ИДМ басшысы  Әсет Исекешевке сөз бере отырып, бұл осы қызметтегі соңғы сөз болуы мүмкіндігін айтқандай болды. Министрлер кабинетінің басшысы Исекешевтен ИИДМБ туралы пікір білдіруін сұрап, "мұндай мүмкіндік тағы болады ма, болмайды ма кім біледі" деген сөздерді қоса айтты, деп жазады Today.kz

"Келесі сұрақ - индустриалды-инновациалық дамудың мемлекеттік бағдарламасы. Әсет Өрентайұлы, сұрақтар көп, қоғамда оңды, теріс сөз таластырулар талқылануда. Жақын уақытта Елбасына баяндама жасауымыз керек. Қазір сізде осындай мүмкіндік бар – өз көзқарасыңызды білдіруге. Енді бүгінгідей сөз сөйлеуге мүмкіндік тағы болады ма, болмайды ма кім біледі. Өтінем", - деді Мәсімов Исекешевке.

21 маусымда Kapital.kz, іскерлік порталы мәлімет көзіне жүгіне отырып, Әсет Исекешев Астана әкімі болады деп жазған.

21 маусымда Нұрлан Нығматулин ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркелді. Бұған "Нұр Отан" партиясының саяси бюросының шешімі себеп болды. Нығматулин 2014 сәуір айынан ҚР Президенті Әкімшілігінің басқарған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!