Биыл Ақтөбе облысында 8 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ

Фотография - Биыл Ақтөбе облысында 8 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылмақ

Сонымен бірге, жартыжылдықтың соңына қарай құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар 100 % болады деп жоспарлануда.

201 0

Ақтөбе облысының 2016 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың алдын ала қорытындылары облыстық әкімдікте өткен кеңесте талқыланды. Шара облыс басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өтт, деп хабарлайды "Ақтөбе ақпарат" орталығы.

Ақтөбе облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі Рузия Айдашеваның хабарлауынша, 20 маусымдағы жағдай бойынша аймақта өнеркәсіптік өндіріс, тартылған инвестиция көлемі, шағын және орта бизнес субъектілері саны азайып келеді.

Сонымен бірге, жартыжылдықтың соңына қарай құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша жоспар 100 % болады деп жоспарлануда. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуде Байғанин, Мұғалжар, Шалқар және Хромтау аудандарындағы құрылыс жұмыстары көлемінің айтарлықтай артуы да маңызды рөл атқарады. Айта кетейік, осы жылдың 6 айында аймақта 193,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл 2015 жылдың 6 айымен салыстырғанда 6,5 %-ға артық.

Ауыл шаруашылығында да өндіріс артқан. 2016 жылдың 6 айының қорытындысына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 54,4 млрд. теңге немесе өткен жылдың алты айына шаққанда 102 %-ды құрап отыр.

"Болжамды деңгейге қол жеткізе алмау тәуекелі бар орындарда күнделікті жұмыстар жүргізу керек. Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді төмендетіп алмау үшін құзырлы мемлекеттік органдар өткен жылдың сәйкес мерзімінің деңгейінен төмендетіп алмау керек", - деп тапсырма берді Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы сонымен бірге инфляция деңгейі мен азық-түлік тауарлары бағасын, сондай-ақ жұмыссыздық көрсеткішіін арттырып алмас үшін барлық шараны қолға алу керектігін жеткізді.

2016 жылдың қаңтар-маусым айларында жұмыссыздық деңгейі 0,5% құрайды деп күтілуде, бұл өткен жылдың осындай уақыт аралығындағы көрсеткішпен бірдей. Сонымен бірге алғашқы жарты жылдың қорытындысы бойынша 7800 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Отырыс соңында аймақ басшысы мәселелерді шешу жолдарын анықтау мақсатында әртүрлі саладағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеу себептерін саралап, өңір экономикасын қолдау және дамыту шараларын күшейтуді тапсырды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!