Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

Ал Атырау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

169 0

Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, найзағай болады, жел күшейеді, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы, Жамбыл, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі, бұршақ болуы ықтимал. Ақтөбе, Қостанай, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ге күшейеді. Күндіз бұршақ болуы ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман күтіледі.

Ал Атырау облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!