Нұрлан Нығматулин ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Фотография - Нұрлан Нығматулин ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы болып сайланды

Бұл орында ол Бақтықожа Ізмұхамбетовты алмастырды.

262 0

Депутаттар Нұрлан Нығматулиндің ҚР Парламен Мәжілісінің VI шақырылымдағы төрағасы етіп сайлады. Бұл орынға оның кандидатурасын "Нұр Отан" партиясы ұсынды, деп жазады Today.kz.

Кезекті пленарлы отырысты палатаның қазіргі төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов ашып, күн тәртібін бекіткеннен кейін бірден отставкаға берді.

Әріптестері отставканы қабылдады. Мәжілістің вице-спикері Гүлмира Исімбаева бұл орынға бірден Нұрлан Нығматулинді ұсынды. Парламенттің барлық фракциясы бұл кандидатураны қолдады.

Осыдан кейін депутаттар дауыс беріп, қатысып отырған 102 депутаттың барлығы  Нұрлан Нығматулинге дауыс берген.

Естеріңізге салсақ, 21 маусым күні Нұрлан Нығматулин парламенттің төменгі палатасының депутаты болып тіркелген. Сол күні Қазақстан Президенті басқарушы партияның парламент фракциясының отырысында Нығматулиннің кандидатурасын палата спикерлігіне қарастыруды ұсынды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!