ШҚО-да Ертіс өзені бойындағы су электростанцияларынан суды азайту басталды

Фотография - ШҚО-да Ертіс өзені бойындағы су электростанцияларынан суды азайту басталды

Аталған тапсырмаға сәйкес күнделікті су жіберу аралығы 200 м3/с құрайды

429 0

Бұхтырма су қоймасындағы судың қарқынды түрде молаюына байланысты, ақтық мөлшерге жеткізбес үшін Бұхтырма, Өскемен және Шүлбі су электростанцияларында жоспарлы түрде су жіберу жүзеге асырылуда.

 Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша жасалған кешенді жоспар шеңберінде, 21 маусым мен 3 шілде аралығында Бұхтырма су қоймасындағы су көлемін жоспарға сай азайту жүргізіледі.

Аталған тапсырмаға сәйкес күнделікті су жіберу аралығы 200 м3/с құрайды. Бұл кезде Бұхтырма гидроэлектростанциясынан су жіберу 1500-ден 2400 м3/с-ке дейін өсіп, Шүлбі СЭС-нің бір уақыттағы шығыны 3 000 м3/с-ке жетеді.

"Мұндай жағдай 50 жылда бірінші рет болып отыр. Алғаш рет Бұхтырма су қоймасы өзінің жобалық мүмкіндігіне сай толды", - деді ШҚО әкімі.

Содан соң аймақ басшысы су жіберу кешендік жоспарына тоқталып өтті.

"Су жиналып қалмас үшін, Шүлбі СЭС-де 3000 м3/с жуық су жіберіледі. Өз кезегінде, Өскемен және Бұхтырма СЭС-де жобалық және технологиялық шешімдер бойынша жіберіледі. Ешбір елді-мекенде су көтерілу жағдайы орын алмайды. Барлығы бақылауда. Барлық облыстық қызметтер, тиісті аудандардың әкімдері ескертілді және қажет шаралар өткізуге дайын", - деді Даниал Ахметов арнайы кеңес барысында.

Су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу бойынша Ертіс бассейн инспекциясындағылардың айтуы бойынша, Өскемен қаласынан төмен орналасқан елді-мекендерде су басу қаупі жоқ.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!