Назарбаев ПХЭФ-те Путинмен "сенімге құрылған кең ауқымды" кездесу өткізді

Фотография - Назарбаев ПХЭФ-те Путинмен "сенімге құрылған кең ауқымды" кездесу өткізді

Қазақстан президенті Нұсрсұлтан Назарбаев "Россия 24" арнасына сұқбат берді.

170 0

Қазақстан президенті Нұсрсұлтан Назарбаев "Россия 24"  арнасына берген сұқбатында ХХ Петербург халықаралық экономикалық форумынан алған әсерімен бөлісті, сонымен бірге өткізілген келіссөз нәтижелері туралы айтып берді, деп жазады Today.kz

"Мен үшін ресейлік бизнес капитандарымен кездеесу маңызды болды. Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктер мен ЕАЭО құрылғалы бергі жеткен жетістіктеріміз туралы пікір алыса алдық. Сондықтан мен үлкен ықыласпен қатыстым. Бізде Владимир Путинмен сенімге құрылған кең ауқымды бөлек кездесу болды. Біз аймақтық мәселелерді, геосаясат проблемаларын, терроризм мен ЕАЭО дамуын, Қазақстан мен Ресейдің екі жақты қарым-қатынасын талқыладық", - деді Нұсрсұлтан Назарбаев.

4 қазанға Астанада Қазақстан мен Ресейдің іскерлік ортадағы тұлғалардың бизнес-форумы жоспарланған. Ол жерде жаңа келісім шарттарға қол қойылады деп күтілуде.

"Мен өткен форумға жоғары баға беремін. Оның үстіне бұған дейін АЭФ болды, ол да бұл аймақ үшін өте салиқалы болды және олар бір-бірін толықтырғандай", - деп аяқтады сөзін Президент.

Естеріңізге салсақ, Санкт-Петербургте өткен экономикалық форумда Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық дағдарыс, босқындар және Еуразиялық экономикалық және Еуропалық одақ арасындағы қарым-қатынас туралы сөз сөйлеген. Ал ПХЭФ пленарлық отырысында Мемлекет басшысына әйел адам Қазақстан президенті бола алады ма деген сұрақ қойылды. Нұрсұлтан Назарбаев "дайындығы" бар әйелдердің барын айтып, мұндайдың мүмкін екенін айтты, ал Владимир Путин ондай әйелдердің бірнешеуін танитындығын мәлімдеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!