ШҚО әкімі полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Фотография - ШҚО әкімі полицейлерді кәсіби мерекемен құттықтады

Бағдарлама соңында аймақ басшысы Өскемен қаласының ІІБ жедел басқару Орталығының жұмысымен танысты.

190 0

Даниал Ахметов облыстық Ішкі істер департаментіне арнайы барып, жеке құраммен кездесіп, қаза болған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне арналған стелаға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ШҚО Ақпарат орталығы.

 Аймақ басшысы ШҚО ІІД қызметкерлеріне нәтижелі жұмыстары үшін, өңірдегі тәртіп, қызметтік міндеттерін орындау барысындағы кәсіби шеберліктері мен ерліктері үшін алғысын білдірді. 

"Отанға адал қызмет ету жолындағы еңбектеріңіз үшін шын көңілімнен алғыс айтқым келеді. Сіздер басты құндылығымыз – халқымыздың тыныштығын қорғап келесіздер. Мемлекетке тәртіп, тыныштық пен қауіпсіздік қажет. Біз сіздердің елге деген адалдықтарыңыз, Президентіміздің тапсырмаларын бұлжытпай орындайтындықтарыңыз үшін құрметтейміз. Жас ұрпаққа берген тәлім-тәрбие үшін ардагерлерге де алғысымды білдіремін. Қазақстан полициясы күнімен", - деді Даниал Ахметов. – Бізде ұрпақтар сабақтастығы бар.  Жақында Ақтөбеде болған оқиғаларда ішкі істер департаментінің қызметкерлері алдыңғы шепте тұрып, Отан алдындағы борыштарын жоғары абыроймен атқарғандығын көрдік".

Республика Тәуелсіздігінің 25 жылында Шығыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің 41 қызметкері қызметтік парызын өтеу барысында көз жұмып, 11-і ерлікпен қаза тапқан. Көбісі қаза болғаннан соң мемлекеттік және ведомстволық  наградалармен марапатталған. Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына ШҚО ІІД тарапынан материалдық және басқа да көмек түрлері көрсетіледі.

"Отанға қызмет ету жолында, қаза тапқан жандарды біз ұмытқан жоқпыз, - деді Даниал Ахметов гүл шоқтарын қою барысында ерлікпен қаза болған полиция қызметкерлерінің жұбайларына.

"Облыстың ішкі істер органдары ардагерлерінің атынан полицейлерге деген ерекше назар мен көмектеріңіз үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Кеңес Үкіметі кезінде бізде 100 адамға бір жеңіл және бір жүк көлігі болатын. Тапсырмаларға жаяу баратынбыз. Ал, қазір заман өзгерді. Жұмыс істеу үшін барлық жағдай жасалған", - деді ШҚО ішкі істер органдарының және Ұлттық Гвардияның ардагерлер Кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Үдербаев облыс әкімімен кездесу барысында.

Бағдарлама соңында аймақ басшысы Өскемен қаласының ІІБ жедел басқару Орталығының жұмысымен танысты.

Айта кетсек, жыл басынан бері ішкі істер органдарының қызметкерлері 6 мыңнан астам қылмыстық оқиғаны ашқан, 35 қылмыстық топ заңды жауапкершілікке тартылды, 258 есірткі қылмысы анықталған. Полицияның күшімен 6,3 мың қылмыстық іс аяқталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!