Ауыл шаруашылығы министрі алматы облысында бірнеше нысанды аралады

Фотография - Ауыл шаруашылығы министрі алматы облысында бірнеше нысанды аралады

Ведомство басшысы бірінші кезекте Көксу қант зауытында болды

198 0

Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары –ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов Алматы облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңірдің бірнеше ауылшаруашылығы нысандарына ат басын бұрып, тыныс – тіршілігімен танысып қайтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Тарқатып айтар болсақ, бірінші кезекте ведомство басшысы Көксу қант зауытында болып, осы салада еңбек етіп жүрген шаруа қожалықтарымен кездесті.

Көксу қант зауыты өткен жылы шаруалардан 140 мың тонна қант қызылшасын қабылдап, одан 14 мың тонна дайын қант өнімін шығарғаны белгілі. Үстіміздегі жылы 1 млрд. теңге қаражат бөлініп, зауытты модернизациядан өткізудің нәтижесінде зауыттың қуаттылығы артып, 25 мың тоннаға дейін дайын өнім алу жоспары бар. Сондай – ақ арнайы аппараттар мен автоматтандырылған жаңа технологияларды пайдаланудың арқасында отын мен коммуналдық қажеттіліктерге кететін шығындар көлемі төмендейтін болады. Бұл өз есесіне шығарылған өнім сапасының артуы мен өнімнің өзіндік құнының арзандауына әсер етеді.

Министр Асқар Исабекұлының келесі ат басын бұрған нысаны жаңа салынып жатқан 400 мүйізді ірі қараға арналған сүт – тауарлы фермасы болды. Бұл нысан мемлекеттік – жеке меншік серіктестік негізінде қолға алынған инвестициялық жоба болып табылады. Жобаның іске асырылуы кезінде бірнеше инновациялық озық технологияларды енгізу қарастырылуда. Мақсаты: жылына 2560 тонна сүт алу және 50 бас асыл тұқымды бұзау сату.

Осыдан кейін "Уыз май Industry" ЖШС-не тоқталған министр нысанның жұмысымен, өндіріс технологиясымен және алдағы жоспарларымен танысты. Атап өтер болсақ, бұл серіктестіктің негізгі қызмет түрі – ауылшаруашылық өнімдерін соның ішінде май бұршақты сатып алу, сақтау және қайта өңдеу. 2013 жылы кәсіпорын кеңейтіліп, жаңадан бұршақ майы мен күнжара өндіретін зауыт іске қосылды. Қуаттылығы: жылына 40,8 мың тонна май бұршақты қайта өңдеу. Өндіріс көлемін арттыру үшін 2016-2018 жылдар аралығында жалпы құны 1 млрд. 150 млн. теңге болатын 3 инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 60 жаңа жұмыс орнын ашу жоспары бар. Қазіргі таңда мұнда 100 адам жұмыспен қамтылған.

Ауылшаруашылық нысандарын аралауды Көксу ауданында қант қызылшасын өсірумен айналысатын «Қайрат» шаруа қожалығы мен Талдықорған қаласындағы «JLC сүт» ЖШС аралаумен аяқтады.

Осы кездесуді асыға күткен өңір шаруалары көкейінде жүрген біраз сауалдарын қойып, министр Асқар Мырзахметовтың тұшымды жауабын алып жатты. Жалпы шаруа қожалықтарының басшылары мемлекет тарапынан саланы дамыту мақсатында қолға алынып жатқан бастамалар мен жан – жақты қолдауларына ризашылықтарын білдірді. Ведомство басшысы осы кездесулер барысында шаруалардың аталмыш саланы дамытуға қатысты ой-пікірлерін тыңдап, үкімет деңгейінде қарастыратындығын да атап өтті.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!