Депутаттар жастарға жұмысшы мамандығын алуға жағдай жасау мәселесін көтерді

Фотография - Депутаттар жастарға жұмысшы мамандығын алуға жағдай жасау мәселесін көтерді

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарға жұмысшы мамандығын алуға жағдай жасау.

240 0

Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутат Сауытбек Абдрахманов Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының  Баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2017 жылдан бастап жаңа жоба – "Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім" бағдарламасы басталатынын жариялады.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастарға жұмысшы мамандығын алуға жағдай жасау.

Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім беруді енгізуде шешімін таппаған проблемалар бар екенін жоққа шығаруға болмайды.

"Оқу орындары бұл бағдарламаны ойдағыдай іске асыруға қаншалықты дайын?" деген сұраққа толыққанды жауап әзірге жоқтың қасы.

Көптеген қазақстандықтарды алаңдатып отырған мына сұрақтарға жауап беруіңізді сұраймыз:

1) 2017 жылдан бастап «Баршаға арналған тегін кәсіби-техникалық білім» бағдарламасын іске асыруға қаншалықты дайынбыз? Оны толыққанды іске асыруға бірден кірісе кетеміз бе жоқ әлде біртіндеп пе?

2) колледждердің материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша қандай жұмыстар атқарылуда? (ғимараттар, шеберханалар мен зертханалар, ондағы құрал-жабдықтар стандартқа сай келе ме)

3) Мемлекет басшысы: "Германиямен, Канадамен, Австралиямен және Сингапурмен кадрлар дайындау орталығын бірлесіп құру керек. Олар бүкіл еліміз үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесінің моделі болады" деді. Осы тапсырманы орындау барысы қандай?

4) техникалық және кәсіптік білімге, бірінші кезекте жұмысшы мамандықтарға жастардың қызығушылығын арттыру үшін қандай жұмыстар жасалуда?

5) тегін білім беруді көздейтін жұмысшы мамандықтар тізімі еңбек нарығының қажеттіліктеріне сәйкес оңтайландырылған ба?

Осы депутаттық сауалға "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабына сәйкес жазбаша жауап беруіңізді сұраймыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!