ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тапсырылды

Фотография - ҚР Президентінің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары тапсырылды

Отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін журналисттермен редакторлар марапатталды.

337 0

Елбасы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау туралы Жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру

және Алғысын жариялау туралы

 1. Елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз ету ісіндегі бұқаралық ақпарат құралдарының елеулі рөлін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп:

Қазақстан Республикасы Президентінің

бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары берілсін:

Паттеев Шәмшиддин Әшенқожаұлына – "Түркістан" газетінің бас редакторына, отандық журналистиканың дамуына қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін;

Курятов Владимир Геннадьевичке – "Казахстанская правда" республикалық газетінің саясат бөлімінің редакторына, елдің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелерді терең әрі жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттары тапсырылсын:

Ибраймов Мұхтар Сейтқасымұлына – "Хабар" агенттігі" акционерлік қоғамының тілшісіне, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларды, Мемлекет басшысының бастамаларын жариялап-көрсеткені үшін;

Ляховская Вера Андреевнаға – "Свобода слова" қоғамдық-саяси апталығының тілшісіне, республиканың әлеуметтік-мәдени өміріне арналған жарияланымдары үшін;

Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысы жариялансын:

"Дойче Альгемайне Цайтунг" газеті шығармашылық ұжымына қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан үлесі, жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын жариялап-көрсеткені үшін;

 "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шығармашылық ұжымына  әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің іске асырылуын, мемлекеттік тіл мен ұлттық мәдениетті дамытуды белсенді түрде жариялап-көрсеткені үшін;

"Қазақ радиосы" радиостанциясының шығармашылық ұжымына әлеуметтік-экономикалық реформаларды іске асырудың барысын, мемлекеттік тілді және ұлттық мәдениетті дамыту мәселелерін жан-жақты жариялап-көрсеткені үшін;

 "РИКА-ТВ" телекомпаниясы шығармашылық ұжымына  өңірлік журналистиканы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін.

2. Осы өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Қазақстан Республикасының

               Президенті                                                                      Н.Назарбаев

 

 

Астана, Ақорда, 2016 жылғы  23  маусым

                       

                        № 99  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!