Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Фотография - Астанада жаңбыр жауып, қатты жел соғады

Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауу ықтимал

194 0

Екатеринбург ауданындағы циклон Қазақстанға ауысып, тұтастай ел аумағына, соның ішінде Астанаға әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет. Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, кей жерлерде күн күркіреп, жел күшейеді, бұршақ болады.

Бүгін Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді, бұршақ жауу ықтимал. Ауа температурасы күндіз +16…+18°С, түнде +11…+13°С болады, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады.

28 маусым, сейсенбі күні күн жаңбырлы болады, күн күркірейді, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз ауа температурасы +21…+23°С, түнде +10…+12°С болады.

Сәрсенбі күні бұлтты болады, жаңбыр жауып, күн күркірейді, бұршақ жауу ықтимал. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, күн күркірегенде екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы күндіз +18…+20°С, түнде +13…+15°С болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!