1 шілдеде елбасының қатысуымен индустрияландыру бойынша телекөпір өтеді

Фотография - 1 шілдеде елбасының қатысуымен индустрияландыру бойынша телекөпір өтеді

Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстырылады.

393 0

1 шілдеде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен телекөпір өтіп, онда индустрияландырудың екінші бесжылдығы бағдарламасы аясындағы бірқатар жаңа жобалар іске қосылады, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің ресми өкілі Қайсар Жұмабайұлы.

"1 шілдеде Астанада Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтеді. Онда индустрияландыру бағдарламасының ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қорытындылары қаралады. Шара барысында индустрияландырудың екінші бесжылдығын жүзеге асырудың жаңа қадамдары таныстырылады. Бұнда бірқатар түзетулер күтіліп отыр",  - деді Жұмабайұлы дүйсенбідегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның айтуынша, телекөпір барысында бірінші жартыжылдықтың негізгі жобалары іске қосылады. 

"Атап айтқанда, осы кезеңде жалпы құны 175,5 млрд теңгені құрайтын 30 жаңа жобаны жүзеге асыру күтіледі. Бұл негізінен инвесторлардың өздерінің қаражатына, сонымен қатар, екінші деңгейлі банктерден тартылған қаражаттарға салынып жатқан жобалар болып отыр. Бұл кәсіпорындарда 4 мыңға тарта жұмыс орындары құрылады. Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібі, химия, жеңіл өнеркәсіп, ағаш өңдеу, машина жасау, агроөнеркәсіп кешені саласындағы жобалар қамтылады. Телекөпір аясында сонымен қатар, индустрияландыру бағдарламасының шарапатымен ашылған зауыт өнімдерінің көрмесі өтеді", — деп түйді Жұмабайұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!