Бүгін Республика аумағында жауынды күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Республика аумағында жауынды күн райы сақталады

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

172 0

Синоптиктердің болжауынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ болуы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Қостанай, Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрып, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында да жел күшейіп, күндіз кей жерлерінде бұршақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!