Мәсімов орынбасарына абайлап сөйлеуге кеңес берді

Фотография - Мәсімов орынбасарына абайлап сөйлеуге кеңес берді

Сағынтаев су мәселесі бойынша баяндама жасап жатқан болатын.

537 0

Премьер-министр Кәрім Мәсімов өзінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа сөзді екшеп барып айтуға кеңес берді. Ескерту үкімет отырысы кезінде айтылды, деп жазады Today.kz.

Бірқатар әкімдер сөз сөйлеп болғаннан кейін сағынтаев өз пікірін білдіре отырып сөз алған болатын.

"Кәрім Қажымқанұлы су бойынша, ОҚО әкімінің Тәжікстанмен сөйлескені туралы айтқаны, Ташкентте әріптестермен сөз болған – тәжіктердің ұсынғаны, міне сызба, бүгін біз келісөз жүргізіп жатқан мәселелер бойынша. Былтырғы жылы мен Қырғызстанмен тауар алмасу мен энергетика бойынша жұмыс істедім, тәжіктердің айтқаны ­– егер бізбен осы жолмен жүрсеңіздер, сатып алсаңыздар... Онда қырғыздармен байланыспай-ақ қойыңыздар, біз суды өзімізден жібереміз", –  деп Сағынтаев бастай бергенде жетекшісі сөзін тоқтатты.

"Біз көпшілік ортадамыз, абайлаңыз, сөзді екшелеңіз", –  деп сұрады Мәсімов.

Сағынтаев кешірім сұрап, баяндамасын жалғастырды.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында үкімет отырыснда премьер министр келесі отырыста сібір жарасы, Қазақстанда еңбекақы төлеу мәселелері қарастырылатындығын айтқан.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!