Шымкент әкімі Қошқар-Ата өзені жағалауын көріктендіруге тапсырма берді

Фотография - Шымкент әкімі Қошқар-Ата өзені жағалауын көріктендіруге тапсырма берді

Әкім шаһар ортасынан ағып өтіп жатқан Қошқар Ата демалыс аймағын аралады.

322 0

Бүгін, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов шаһар ортасынан ағып өтіп жатқан Қошқар Ата демалыс аймағын аралап, өзен арнасы мен оның айналасында салынған әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Қала басшысы тұрғындарды қала аумағында шарт-жағдайы жақсы тынығу орындарымен қамтамасыз ету, тікелей жергілікті атқарушы биліктің маңызды міндеті болып табылатындығын атап өтті. Осыған орай, ол шұғыл түрде жауапты сала мамандарына өзен жағасындағы қоршаған ортаның тазалығын жақсартып, шымкенттіктерге қолайлы, еркін демалыс аймағын жасауды тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!