Ақтөбе облысында сұйылтылған газ лимитін арттыру жоспарлануда

Фотография - Ақтөбе облысында сұйылтылған газ лимитін арттыру жоспарлануда

Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына орта есеппен айына 4 000 тонна газ бөлед

202 0

Бұл туралы "Ақтөбе ақпарат" орталығында өткен брифингте Ақтөбе облысының энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Амантай Бекниязов хабарлады, 

Оның айтуынша, Энергетика министрлігі Ақтөбе облысына орта есеппен айына 4 000 тонна газ бөледі. Жаз мезгілінде газға сұраныстың артуына байланысты басқарма Энергетика министрлігіне лимит мөлшерін арттыру туралы ұсыныспен шығуға ниеттеніп отыр.

Пайдаланылатын сұйылтылған газды көлемін дұрыс анықтау мақсатында 2016 жылдың басында облыс әкімдігінде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына энергетика, тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығы, кәсіпкерлік басқармалары мен табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментінің мамандары кірді. Екі ай көлемінде олар барлық газ құю бекеттерінде апта сайын хронометраж жүргізіп келді. Облыста барлығы 60 автогаз құю бекеті жұмыс істейді, оның 33-і Ақтөбеде, 27-сі аудандарда орналасқан. Бір газ құю бекеті күніне орта есеппен 7-8 тонна газ құяды, ал аудандарда орташа көрсеткіш 3 тонна.

"Негізі облыста тұтынылатын газ көлемі 5486 тонна, оның 3638 тоннасы облыс орталығына, 1848 тоннасы аудан орталықтарында тұтынылады. Жол полициясы басқармасының мәліметтерне сүйенсек, облыста 206 938 бірлік автокөлік бар, оның 23 697 бірлігі газбен қатынайды. Бұл көрсеткіш айына 150-200 бірлікке артып келеді. Облыс әкімінің тапсырмасымен 850 ведомстволық көлік газмоторлы отын пайдаланады", - деп атап өтті Бекниязов.

Маусым айында облысқа 4000 тонна газ жеткізілді, шілде айында 4200 тонна отын әкелінеді деп күтілуде. Оның 3300 тоннасын "СНПС-Ақтөбемұнайгаз", қалған 870 тоннасын "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС өндірген.

Айта кетейік, "СНПС-АМГ" компаниясы ай сайын 28 000 тонна, "Қазақойл Ақтөбе" - 3000 тонна газ өндіреді, отын Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Қарағанды, СҚО, БҚО, Атырау облыстарына жеткізіледі.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!