Air Astana Түркияға ұшуға бас тартқан жолаушыларға билет құнын өтейді

Фотография - Air Astana Түркияға ұшуға бас тартқан жолаушыларға билет құнын өтейді

Ататүрк атындағы халықаралық әуежайда болған терракт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

365 0

Air Astana  әуе компаниясы Түркияға ұшуға бас тартқан жолаушыларға билет құнын толық өтеп береді, деп жазады Today.kz компанияның корпоративті коммуникация бойынша департаментіне сілтеме жасай отырып.

"Air Astana компаниясынан Түркияға билет алып, ұшудан бас тартқан жолаушыларға айыппұлсыз билет құнын толық өтеледі, ұшу мерзімі немесе бағыт айыппұлсыз өзгертіледі (өзге бір бағыт бойынша қымбаттырақ тариф төленеді). Бұл Стамбул мен Анталияға 2016 жылдың 15 шілдесіне дейін ұшатын рейстерге қатысты", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы Стамбул әуежайында болған қайғылы оқиғаға көңіл білдірді. Сонымен бірге Ататүрк атындағы халықаралық әуежай өз жұмысын жандандырғаны хабарланды.

Сұрақтар бойынша Air Astana Ақпараттандыру мен брондау орталығына, Алматы бойынша: +7 (727) 2 44 44 77 және Астана бойынша: + 7 (717) 258 44 77 нөміріне немесе әуе компаниясының билеттерін сатумен айналысатын офистер мен турагенттіктерге хабарласуға болады.

Айта кетейік, Түркиядағы оқиға Астана мен Сатмбул арасындағы рейстерге өз әсерін тигізген жоқ және Стамбулға ұшатын рейстер уақытынан кешіктіріліп жатқан жоқ. Тек Түркияның әуе компаниясы рейстердің бірін сағат 12:00-ге дейін себебін түсіндірмей ұстап қалды.

Алдын ала мәлімет бойынша стамбулдағы Ататүрк атындағы халықаралық әуежайда болған терракт салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметінің басшысы Ануар Жайнақов мәлімдеді.

Естеріңізге салсақ, 28 маусымда бірнеше содыр Калашников автоматынан әуежай тұрағының кіре берісі мен шыға берісінен оқ атып, кейін жарылғыш затты іске қосқан. Бақ мәліметтері бойынша, теракт салдарынан 32 адам көз жұмып, 60-тан 147 адамға дейін зардап шеккен.

Қаза болғандардың көпшілігі Түркия азаматтары. Зардап шеккендер арасында бір ресейлік азаматтың бары белгілі болды, қазір ол жергілікті ауруханаға жеткізілген.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!