Назарбаев Түркиядағы терактіге байланысты ердоғанға көңілбілдірді

Фотография - Назарбаев Түркиядағы терактіге байланысты ердоғанға көңілбілдірді

Нұрсұлтан Назарбаев күллі мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында террорлық акт жасалғаны ешкімді бей-жай қалдырмағанын айтты.

112 0

Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Стамбул әуежайында болған террактіге байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Today.kz.

Жеделхатта Ыстанбұл қаласы әуежайындағы қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны аталып өткен.

"Қазақстан әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін халықаралық экстремизм мен терроризм әрекеттерін қатаң айыптайды. Ыстанбұлдағы жантүршігерлік оқиға қандыбалақ радикалды топтар мен олардың идеологиясына өркениетті қоғамда орын жоқ екенін тағы да растады", – делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың жақындары мен туыстарына, сондай-ақ бүкіл Түркия халқына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!