Астанада 12 сағатта жауын-шашынның айлық нормасы жауған

Фотография - Астанада 12 сағатта жауын-шашынның айлық нормасы жауған

Астананы жауыннан кейін тағы да су басты.

223 0

Астанада жауын-шашынды күндер үш күн бойына созылады. Синоптиктер 29 маусымда жауын болады деп болжауда, деп жазады Today.kz.  28 маусымдағы жазғы жауыннан көшелерді су басқан.

"28 маусым күндіз Астанада алты миллиметр жауын-шашын түскен ­– қалыпты жаңбыр. 29 маусым түнде 17 миллиметр – қатты жауын. Астанада жаңбыр, күн күркірейді және бұршақ жауу ықтимал делінген. Мұндай жаңбырлар үш күн бойына сақталады. Түнде 10-12 градус, ал күндіз 20-22 градус жылы болады деп күтілуде", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Қатты жауыннан Астана көшелерін су басқан. Сол жақ жағалауда жаңбыр салдарынан нағыз су басу болды. Тұрғындар Желіде табиғат күшінің суреттерін таратуда.

Қалалық әкімдіктің мәліметтеріне сүйенсек, барлық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс режиміне көшкен. Сағат 24:00-ге дейін 79 ассентизаторлық машина жұмыс істеген. 02:00-ден кейін жауын-шашынның күшеюіне байланысты қосымша техникалық күш жұмылдырылды. Сағат 09:00-де "Есіл" ауданында 45 арнайы машина жұмыс істеген, "Алматы" ауданында – 35, "Сарыарқа" ауданында – 25. Сағат 10:00-ге таман 105 машина, 11 мотопмпа, төрт су сорғыш трактор және ТЖД-ның төрт жылжымалы су сору станциясы жұмыс атқарған.

"28 маусым күні сағат 20:00-ден 08:00-ге дейін 21 миллиметр жауын-шашын түскен. Айлық норма 36 миллиметр болса, бір күнде түскені 74 миллиметр", – деп атап өтті "Қазгидромет" РМК-дан.

Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото - Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!