Елбасы Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығында болды

Фотография - Елбасы Шығыс Қазақстан облыстық Қан орталығында болды

Нұрсұлтан Назарбаев ұжымның табысты болып, қызмет нәтижелерінің арта беруіне тілектестігін білдірді.

319 0

Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық Қан орталығына барып, мекеменің жұмысымен танысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. Сондай-ақ донация және қан құрамдауыштарының сапасын автоматтандырылған зертханалық бақылау әдісін енгізуге мүмкіндік беретін жаңа медициналық құралдармен жабдықталған орынжайларды аралап көрді. Қазақстан Президенті орталық қызметкерлерімен әңгімелесіп, қаланың медициналық мекемелерінің қажетті емханалық және диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатқанын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев ұжымның табысты болып, қызмет нәтижелерінің арта беруіне тілектестігін білдірді. Мекеме қызметкерлері медицина саласына жүйелі қолдау көрсетіліп отырғаны үшін ризашылықтарын жеткізді. Облыстық Қан орталығы донор қанымен және оның құрамдауыштарымен қамтамасыз етеді. Мекеменің жобалық қуаты жылына 24 мың литр қан әзірлеуге жетеді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!