Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша алдын ала отырыс тамызға белгіленді

Фотография - Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша алдын ала отырыс тамызға белгіленді

Қылмыстық іс алғашқы инстация сотына жолданады.

311 0

Алдын ала мәлімет бойынша, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша сот отырысы 2016 жылдың тамыз айының екінші жартысына белгіленді, деп жазады Today.kz  қыздың адвокаты Сұңқар Нұрмағамбетовке сілтеме жасай отырып. Оның айтуынша, қылмыстық іс алғашқы инстанция сотына жолданады.

Естеріңізге салсақ, Гуандун аппеляциялық соты есірткі тасымалы үшін сотталған Тұрлыбайды өмір бойы бас бостандығынан айыру шешімінің күшін жойған. Сот үкімін тыңдауға ҚР СІМ өкілі, Қытайдағы Қазақстан консулы Болат Сырлыбаев, қорғаушы Сұңқар Нұрмағамбетов және қытайлық қорғаушылар Сяо Чжаньдэ және Фэн Чжицзянь қатысты. Қыз бала отандастарына демеу білдіргені үшін алғысын жеткізді.

21 жасра Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы Гуанчжоу әуежайында төрт киллограм амфетамин контрабандасы үшін ұсталған.

Гуанжоуда 7 сәуір күнгі сот отырысында жаңа деректер Ақжарқын Тұрлыбайдың іс барысын қыздың пайдасына бұрып, сот мұның алдында шыққан үкімді қайта қарастыру керектігін айтты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!