Жақып Асанов: Мені әрдайым біреулерді жұмысқа алуды сұрайды

Фотография - Жақып Асанов: Мені әрдайым біреулерді жұмысқа алуды сұрайды

Прокуратура органдарына жұмысқа алуға қойылған мараторий алынып тасталады.

686 0

Прокуратура органдарына жұмысқа алуға қойылған тиым 1 шілдеде алынып тасталады. Бұл туралы "Прокуратураға – үздік кадрлар" атты дөңгелек үстел барысында Бас прокурор Жақып Асанов айтып берді, деп жазады Today.kz.

Мараторий Жақып Асанов сайланған уақыттан екі ай бойына салынып келді. Бас прокурор оған "байланыс" арқылы кандидаттарды жұмысқа орналастыруын сұрайтындар күн сайын хабарласатынын айтады.

"Мен осы қызметте екі ай істеп келем және мені әрдайым біреуді жұмысқа алуды сұрайды. Күнде бір түйіндемені "сыйлауға" тырысады. Басында түсіндіруге тырысатынмын, қазір түсіндірмеймін. Көптеген жастарда көкелері мен тәтелері бар – олар үшін бұл қалыпты. Менің жеке пікрім – бұған көп жағдайда олар емес, біз өзіміз – прокуратура басшылығы кінәліміз. Біз кадрларды жұмысқа алу бойынша әділ жүйе жасамадық, сондықтан олар өзге жол іздейді. Мен тағайындалғаннан кейін үш күннен кейін не істерімді білмей кеттім, сондықтан мараторий жарияладым. 180-нен астам кандидат жиналып қалыпты. Маған айтатыны: "Адамдар жетіспейді", мен мараторийді жоя аламын, бірақ алдымен жұмысқа қабылдауды барынша ашық және обьективті ету керек", - дейді Асанов.

Оның айтуынша, жыл сайын прокурор қызметіне 60 үміткер болады, дегенмен бәскелестіктің жоғарлығы прокуратураға үздік кадрлар келеді дегенді білдірмейді. "Жыл сайын прокуратура органдарына 300 адам қабылданады. Оқу орындары 30 мың заңгер дайындап шығарады. Сауалнама бітірушілердің 60 пайызы прокуратураға кіргісі келетіндігін көрсетеді. Бұндай көрсеткішпен прокуратурада тек үздіктер ғана жұмыс істеу керек, алайда шындығында олай емес. Көптеген әріптестеріміз – нағыз маман, бірақ, дайындықсыз, басқа оймен, прокурор мамандығын "әкесі айтқаннан кейін" таңдаған адамдар да келіп жатады. Мұндайлар нағыз прокурор болмайды, олардың қызметі өте қысқа. Сондықтан 2013 жылдан 2015 жылға дейін біз үш жылдан кем істеген 10 жас қызметкерді жұмыстан босаттық", - дейді ведомство басшысы.

Сонымен бірге, үш жылда прокуратура органдарынан 60 қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткенін айта кетті . Өз кезегінде бұл да қадағалау органының беделін төмендетеді. Мұндай жағдайлардың көпшілігі "таныс" арқылы жұмысқа орналастырумен байланыстырады, осы себепті ол бұл мәселемен жеке айналысатындығын жеткізді.

Бұл мәселені шешімі ретінде кадрларды қабылдаудың жаңа жүйесі ұсынылауда. Жаңа жүйе бойынша қызметкерлерді үздік HR-технологияларды қолдану көзделген. Оған негізгі төрт тапсырма кіреді: өзіңнің өмірлік тәжірибеңді баяндау, эссе жазу, кейстік тапсырмаларды орындау және психологиялық зерттеуден өту.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!