Бүгін Респуьликамыздың бірнеше аймағында күн жауынды

Фотография - Бүгін Респуьликамыздың бірнеше аймағында күн жауынды

Тек елдің батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

221 0

Бүгін Қазақстанның солтүстігінде, шығысында күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек елдің батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қостанай, күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қостанай, Павлодар, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында бұршақ болуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!