Сапарбаев "Ұлы қабырға" ҚҚБК құрылтайшыларына шығынды оңтайландыруды ұсынды

Фотография - Сапарбаев "Ұлы қабырға" ҚҚБК құрылтайшыларына шығынды оңтайландыруды ұсынды

Аймақ кәсіпорындарында жұмыс орындарын сақтау мәселесі Ақтөбе облысы басшылығы үшін өзектілігін сақтап келеді.

324 0

2016 жылдың басында кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестігі өңірде жұмыс жасайтын компаниялармен еңбек қатынастарын реттейтін, жұмысшыларды әлеуметтік кепілмен қамтамасыз етуді реттеу мақсатында меморандумдарға қол қойған болатын. Билік әрбір кәсіпорындағы жағдайды қадағалап келеді, деп хабарлайды Ақтөбе Ақпарат орталығынан.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Қытай бұрғылау компаниясының вице-президенті Мэнь Лянькуй мырзамен кездесіп, "Ұлы қабырға" ЖШС-тегі жағдайды талқылады.

Әлемдегі экономикалық жағдайдың қиындығына байланысты аймақтағы мұнай компаниялары жаңа мұнай және газ ұңғымалары құрылысына тапсырыс көлемін қысқартты. Сервистік компаниялардың қызметтері көлемі де азайды, нәтижесінде бірқатар бұрғылау компаниялары өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды. "Ұлы қабырға" ҚҚБК-да қиындықтар туындап, жұмысшылар саны азайды.

"Сіздің қызметіңіз негізінен биыл мұнай өндірісі көлемін азайтқан "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ-қа тәуелді. Дағдарыс барлық кәсіпорынға әсер етеді. Бірақ дәл сіздердегідей емес. Президент алдымызға қойып отырған бір мәселе – жұмысшыларды қысқартпау керек, оларды жұмыспен қамту керек. Біз әрбірімен жеке жұмыс жасауымыз керек, қосымша резервтер тауып, еңбекпен қамтуымыз керек", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Өз кезегінде "Ұлы қабырға" ЖШС бас директоры Чжан Цзюнь соңғы үш жылда бұрғылау жұмыстарының айтарлықтай азайғанын, 2014 жылы 36 ұңғыма бұрғыланғанын, 2015-те 30 ұңғыма бұрғыланғанын жеткізді. 2016 жылдың алғашқы жартыжылдығында бірде-бір бұрғылау жұмысы жүргізілмеген, тек 1 маусымда екі ұңғыманы бұрғылау жұмыстары енді басталған.

Аймақ басшысы кәсіпорынның жаңа форматта жұмыс жасау керектігі жөнінде ұсыныс жасады, бар техниканы кеңінен пайдаланып, мемлекеттік бағдарламалар есебінен қызмет түрлерін көбейту қажет.

Әкім сондай-ақ 10 шілдеге дейін "Ұлы қабырға" ЖШС-пен бірлесе отырып, құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, одан әрі қарай қысқартуды болдырмау жөнінде ұсыныстар әзірлеу керектігін жеткізді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!