Елбасы Кентау, Мойынқұм, Хромтаудағы зауытты іске қосты

Фотография - Елбасы Кентау, Мойынқұм, Хромтаудағы зауытты іске қосты

"Ауылда жүрген азаматтар өндіріске тартылып, жұмысқа тұрғаны мені өте қуантады", - деді Елбасы.

480 0

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру жұмыстарының бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір барысында Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облысындағы үш зауытты іске қосты.

Нақтырақ айтсақ, Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Мыңарал ауылындағы Цемент зауыты, Ақтөбе облысы, Хромтау қаласындағы "Восход-Ориел" зауыты, Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласындағы "Югэлектропривод" зауыты.

"Үш өңірде барлығымызға белгілі аймақтар. Әсіресе, Мойынқұмда ашылып жатқан цемент зауытына қуаныштымын. Ауылда жүрген азаматтар өндіріске тартылып, жұмысқа тұрғаны мені өте қуантады. Сол үшін де осы бағдарламаны жасадық. Хромтау да маған белгілі. Талай рет болғанбыз. Жаңа өндіріс. Сондықтан болашағы өте зор. Мына Оңтүстік Қазақстандағы Кентау деген қала бұрыннан белгілі. Кентау трансформатор зауыты қазіргі кезде басқа жерлерде филиалдарын ашып жатыр. Өсіп-өніп келеді. Бұл қазіргі ең қажетті, елге керек сала. Әрі қарай өндіріс көлемін үлкейтіп, бәсекелестікке сай болып жасай берсеңдер Кентаудың да жағдайы жақсы болады. Кентау деген әдемі қала. Сондықтан табысты болыңыздар. Құттықтаймын! Еліміздің өркендеуіне еңбек ете беріңдер", – дейді мемлекет басшысы.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!