"Қазақ жалқау" деген анекдоттардан құтылу керек бізге - Елбасы

Фотография - "Қазақ жалқау" деген анекдоттардан құтылу керек бізге - Елбасы

2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр.

239 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр.

"Ауылда жүрген азаматтар өндіріске тартылып, жұмысқа тұрғаны мені өте қуантады. Сол үшін де осы бағдарламаны жасадық", - деді Мемлекет басшысы.

"Әр қазақстандықтың ертеңгі күнге сенімді болғанын қалаймын. Сенімді болу үшін еліміз, экономикамыз тұрақты болуы керек. Әрбір талпынысы бар азаматтың жұмысы болуы қажет, отбасын асырауы үшін табысы болуы керек. Осыған біз көмектесуіміз қажет. Көмектескенде, бекерге беретін мемлекеттік қаражаты жоқ. Өзбекте "Бекер отырғанша, бекер жұмыс істе" деген мақал бар. "Қазақ жалқау" деген анекдоттардан құтылу керек бізге. Қазақтың бәрі жұмыс істемесе, еліміздің болашағы мүшкіл болады. Қазақстанда әр адамның жұмыс тауып, өзін асырап, жағдайдын түзетуге барлық жағдай бар. Барлық облыстар, министрліктер бірігіп, осы шаруаны жасасақ, осы мақсатқа жетеміз", - деп қорытындылады сөзін Мемлекет басшысы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!