Назарбаев: Дағдарыс бәрін қыспаққа алды, бүкіл әлемді, бізді де

Фотография - Назарбаев: Дағдарыс бәрін қыспаққа алды, бүкіл әлемді, бізді де

Қазақстанның басты серіктестері Ресей және Қытаймен арадағы тауар алмасуы төмендеп кетті.

746 0

Қазақстанның басты серіктестері Ресей және Қытаймен арадағы тауар алмасуы төмендеп кетті. Бұл туралы 2016 жылдың алғашқы жартысындағы индустриализация нәтижесі бойынша кеңес барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп жазады Today.kz

Сонымен бірге, қазақстандықтар дұрыс жүргізілген саясат тек экономиканы ғана емес, елдегі әлеуметтік жағдайды да тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретіндігін түсінуі керек екендігін атап өтті мемлекет басшысы.

"Базалық экспорттық тауарлар – алюминий, қола, болат – құны 30-40 пайызға төмендеп кетті. Біздің табыстар осылайша азайып кетті. Біздің басты серіктестеріміз – Ресей және Қытаймен арадағы тауар айналымы 26 миллиард долларға төмендеді, 47 миллиард болатын. Біз ауыр дағдарыстық жағдайда экономиканы төмендетпей тұрақты ұстап тұрғанымызды түсіну керек. Бұл біздің дайындығымзыдың арқасында, индустриалды бағдарламаны, шағын және орта бизнесті дамытқанымыздан. Халқымыз дұрыс жүргізілген саясат тек экономиканы ғана емес, елдегі әлеуметтік жағдайды да тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік беретіндігін түсінуі керек, ал "Тағы да бер!" деп талап ете бастағанда, олар мұны қайдан алатындығын түсінуі қажет. Дағдарыс бәрін қыспаққа алды, бүкіл әлемді, бізді де", – деді Назарбаев.

Мұның алдында Мемлекет басшысы 2035 жылға қарай Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу туралы болжам қолжетімді болып келетіндігін мәлімдеген.

Кеңес барысында Назарбаев ҚР бұрынғы инвестиция мен даму министрі Әсет Исекешевке атқарылған жұмыс үшін алғыс білдіріп, оны Қазақстан индустриализация пионері деп атады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!