Назарбаев жалға берілетін баспананы сатып алусыз беруді ұсынды

Фотография - Назарбаев жалға берілетін баспананы сатып алусыз беруді ұсынды

Мемлекет басшысының пікірінше, бұл жұмыс күшінің қозғалысының ынғайлығы үшін қажет.

445 0

ҚР Президенті Нұсрсұлтан Назарбаев болашақта жалға берілетін баспананы қазақстандықтарға сатып алу мен жекешелендіру құқынсыз беру жоспарланғанын мәлімдеді, деп жазады Today.kz. Бұл туралы ол индустрияландыру бағдарламасының 2016 жылғы бірінші жартыжылдықтағы қорытындысына арналған кеңес барысында мәлімдеді.

"Бәрін бір жұдырыққа жұмылдыру керек, ақшаның қайда жұмсалып жатқанын білу үшін және мұны Қазақстандық ипотекалық компаниясы мен Құрылысжинақбанкіне тапсыру керек. Енді бізге болашақта жалға берілетін баспананы сатып алынбайтындай жасау керек. Бұл жұмыс күшінің қозғалысының ынғайлығы үшін қажет. Адамдар басқа қалаға, басқа облысқа барып, сол жерде жалға берілетін баспана ала алады. Біз осындай желіні Қазақстан бойынша құруымыз керек. Екінші деңгейлі банктер арқылы жұмыс істеу керек. ЕДБ бар, оларға табыстабуға мүмкіндік беру керек. Үкіметке банктермен келісім жасап, үстеме пайыздық мөлшерлеме, біз сіздерге ақша береміз, іске сәт деу керек. Барлық банктер келіседі. Үкімет өзіне қадағалауды ғана қалдыру керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге салсақ, Мемлекет басшысы кеңес барысында 2035 жылға қарай Қазақстанның дамыған 30 ел қатарына қосылу туралы болжам қолжетімді болып келетіндігін мәлімдеген. Президент министрлер мен әкімдерге мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын қадағалауды тапсырды. Сонымен қатар, дағдарыс барлығын да, бізді де қыспаққа алғанын атап өтті Президент.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!