Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр және бұршақ жауады

Кей жерлерде жел күшейеді.

193 0

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болады, жекелеген аудандарында бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейеді. Тек республикамыздың батысында және оңтүстігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Алматы, Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі. Бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтиамал. Алматы облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында,  Қызылорда облысының кей жерлерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!