Қарин Ақтөбе оқиғалары туралы: мемлекет пен қоғам біріге жұмыс жасау керек

Фотография - Қарин Ақтөбе оқиғалары туралы: мемлекет пен қоғам біріге жұмыс жасау керек

Ерлан Қарин саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және Қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

222 0

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен белгілі саясаттанушы, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеге барды, деп хабарлайды "Ақтөбе Ақпарат" орталығы.

Шілденің бірі күні саясаттанушы Алға, Мұғалжар және Темір аудандарына барып, тұрғындармен, имамдармен кездесті, бірқатар мәселелерді талқылады.

Бердібек Сапарбаев ҚСЗИ директорының Ақтөбеге сапарының негізгі мақсаты 5 маусымда болған лаңкестік әрекеттен кейінгі жағдайды зерттеу деп атап өтті.

"Облыстағы әлеуметтік-саяси жағдай тұрақты. Сол қайғылы жағдайдан кейін қорытынды жасап, қайталанбас үшін бірқатар шаралар қолға алуымыз керек", - деп атап өтті облыс әкімі.

Ерлан Қариннің айтуынша, Ақтөбе болған оқиға - ауқымды сипатқа ие. Өз сөзін ол дәйектермен бекітті. Былтыр әлемнің 95 мемлекетінде 11 мыңнан астам лаңкестік әрекет жасалған. Сирияда 80 мемлекеттен 30 мың жауынгер соғысып жатыр.

"Қазақстанда мемлекет пен құқық қорғау органдары бұл процесті біразға дейін ұстап келді, алайда ықпал ету арналары мен құралдары кеңейіп келеді, жаңа тетіктер пайда болуда. 10 жыл бұрын әлеуметтік желілер болмады, біз сайттарды бұғаттау керек дедік, қазір материалдар мессенджерлердің көмегімен тарап жатыр, яғни жыл өткен сайын жаңа тәуекелдер пайдла болуда. Бұл ретте себептерін объективті тұрғыда түсіну керек, бұл оқиғалар мемлекет пен қоғамның бірлесіп жұмыс жасау керектігін меңзейді", - деді Ерлан Қарин.

Саясаттанушы сондай-ақ жасөспірімдер арасында идеалдардың деформацияға ұшырағанын жеткізді. Бұл қауіпке білім мен ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр болғанда ғана қарсы тұруға болады деді ол.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!