Асқар Мырзахметов Қызылорда облысында іс-сапармен болды

Фотография - Асқар Мырзахметов Қызылорда облысында іс-сапармен болды

Жиналыстан кейін вице-премьер облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге аймақтағы бірқатар ауыл шаруашылығы нысандарын аралап көрді.

311 0

2 шілдеде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қызылорда облысына жұмыс сапармен келіп, Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысына қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметі.

Комиссия отырысында сөз алған аймақ басшысы Қырымбек Көшербаев келесі аптада қызылордалық 6 мың 600 азаматқа жер телімі табысталатынын мәлімдеді.

2013 жылы Қызылорда-Жезқазған тасжолының бойынан жаңа шағын ауданға 980 гектар жер бөлінген болатын. Ал биыл осы жобаға 9,9 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылданған. Қысқа дейін бұл қаржыға 75 шақырым жол төселіп, 353,1 шақырым су құбыры, 112 шақырым газ құбыры мен 152 шақырым электр желісі тартылмақ және подстанция салынады. Осылайша, күні бүгінге дейін жер алу үшін кезекте тұрған 49 мыңнан астам тұрғынның саны едәуір азайғалы тұр.

Асқар Мырзахметов Қызылорда су торабының жағдайымен танысып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен Солтүстік Арал жобасының екінші кезеңін іске асыру және суармалы жер мәселелерін талқылады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!