Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Фотография - Ақтөбе қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Сонымен қатар өңірде бірнеше аудан әкімі тағайындалды.

352 0

ҚР Президентінің "Аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, қалалардағы аудандар әкімдерін тағайынтау тәртібі туралы" Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен бірқатар кадрлық тағайындау болды, деп хабарлайды "Ақтөбе Ақпарат" орталығы.

Ақтөбе қаласының әкімі болып Іляс Испанов тағайындалды.

40 жастағы И. Испанов ҚазМБА жанындағы нарық институты, Лондон экономика және саяси ғылымдар институты, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист және Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарын алған.

Еңбек жолын Испанов 1993 жылы "Ақ-Бастау" АБ Сарыағаш филиалының бас есепшісі болып бастап, кейінгі жылдары ҚР Қаржы министрлігінің борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасы, ҚР Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.

Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР Жоғарғы соты соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті.

Сонымен қатар өңірде бірнеше аудан әкімі тағайындалды.

Шалқар ауданының әкімі болып осыған дейін Темір ауданын басқарған, 1958 жылы дүниеге келген Бауыржан Қаниев тағайындалды.

Шалқар ауданының бұрынғы әкімі, 1981 жылы туған Ербол Данағұлов Мұғалжар ауданын басқаратын болды.

Мұғалжар ауданының бұрынғы әкімі Серік Шаңғұтов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.

Сонымен бірге Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, аудандық мәслихаттың келісімімен Темір ауданының әкімі болып бұрын Қобда ауданын басқарып келген 53 жастағы Асқар Жүсібәлиев тағайындалды.

Оның орнына "А" корпусында тұрған және "Ақтөбе облысы әкімдігі істері басқармасы" КМК жетекшісі қызметін атқарған 43 жастағы Мейрамбек Шермағанбет келді.

Ойыл ауданын бұрынғы Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, сондай-ақ "А" корпусында тұрған Бұлбұл Күзембаева басқаратын болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!