Назарбаев Астана күнінің мерекелік шараларына ресми түрде бастау берді

Фотография - Назарбаев Астана күнінің мерекелік шараларына ресми түрде бастау берді

"Атамекен" этно-мемориалды кешені маңында Қазақстанның туы көтерілді.

165 0

Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана күнін тойлау ресми түрде бастау алды. "Атамекен" этно-мемориалды кешені маңында Қазақстанның туы көтерілді, осыдан кейін президент барлығын мерекемен құттықтады, деп жазады Today.kz.

"Құрметті отандастар, мемлекеттік ту барлығымыздың мақтанышымыз және әрбір қазақстандық үшін қасиетті құндылықтардың бір бөлігі. Бұл еліміздің, тойлағалы жатқан 25 жылдық тәуелсіздігіміздің асқақ символы. Аспан түстес осы көк ту астында біз егеменді Қазақстанның тарихына көз тастап отырдық", - деді салтанатты жиын қатысушыларына Назарбаев.

Президент Қазақстанның жақында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланғанын еске салды және халықаралық қоғамдастықтың республикамызға жаһандағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысудың жоғары миссиясын сеніп тапсырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы Астананың өзінің кәмелет жасына таяғанын және 4 шілдеде Елорданың миллионынышы тұрғыны дүниеге келгенін де айта кетті.

Салтанат барысында Нұрсұлтан Назарбаев әскери училище бітірушілеріне офицерлік пагондар табыстады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!