Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековамен қоштасты

Фотография - Астанада бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбековамен қоштасты

Қаралы қоштасу "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ ғимаратында өтті.

704 2

"Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ ғимаратына ҚР белгілі сасяи қайраткері Салидат Қайырбековамен қоштасуға туыстары мен жақындары, әріптестері мен Астана тұрғындары келді, деп жазады Today.kz

Жаназаға екі мыңдай адам келді, соның ішінде премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин, ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов және тағы да көптеген белгілі адамдар. Қайғысын білдіру үшін көпшілік қоштасу шарасына сол қолына таңғы байлап келді.

"Ұлттық медецина холдингі" АҚ және бұрынғы денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың қайтыс болуына байланысты Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Кәрім Мәсімов көңіл білдірді.

Мемлекет басшысы Салидат Қайырбекованың туыстарына жолдаған  көңіл білдіру жеделхатында оның мемлекетке сіңірген еңбегін атап өтті.

"Салидат Қайырбекова өз елінің жоғары білікті маманы әрі лайықты азаматы ретінде қарапайым дәрігерден бастап, денсаулық сақтау министрі лауазымына дейін үлкен еңбек жолынан өтті. Терең білімі мен бай тәжірибесінің арқасында халыққа заманауи талаптарға сай медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру ісіне қомақты үлес қосып, тарихта із қалдырды. Егер ауыр науқасы болмаса, ол Отанымыздың игілігі үшін әлі көп нәрсе жасар еді", – делінген көңіл айту жеделхатында.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі ұзақ сырқаттан кейін 3 маусымда дүниеден озды. Салидат Қайырбекованы жерлеу 5 маусымда Қарағанды облысы Киевка ауылында өтеді.



Загрузка...

Пікір (2)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Абай 6 шіл. 9:14

иманды болсын

Жауап беру


Абай 6 шіл. 9:30

медецина емес, медицина

Жауап беру