Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД басшысы ауысты

Фотография - Ақтөбе облысы бойынша ҰҚКД басшысы ауысты

Сурет: ашық мәлімет көзінен

Бұл орынға Марат Ирменов тағайындалды.

518 0

Ақтөбе облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментін Марат Ирменов басқаратын болды, деп жазады Today.kz

"Марат Ирменовты ҰҚКД бастығы қызметіне тағайындайды", - деп хабарлады аймақтық ҰҚКД-ден.

Мұның алдында Ирменов Алматы бойынша ҰҚКД басшысының бірінші орынбасары болды.

Ал орнынан босатылған ведомстовның бұрынғы басшысы Нұрлан Қыдырбаевтың қайда ауыстырылғаны нақтыланған жоқ.

Естеріңізге салсақ, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өкімімен, Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттардың келісімімен Ақтөбе қаласының әкімі болып Іляс Испанов тағайындалды. Бұған дейін ол ҚР Жоғарғы сотының соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті.

Ақтөбенің бұрынғы әкімі Бекбол Сағын басқа жұмысқа ауысатындықтан орнынан босатылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!