"Батыр арулар" конкурсының жеңімпаздары соғысқа жақындатылған жағдайда сыналды

Фотография - "Батыр арулар" конкурсының жеңімпаздары соғысқа жақындатылған жағдайда сыналды

Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметінен

Бұл республикалық конкурстың міндетті шарты.

282 0

"Батыр арулар" конкурсының жеңімпаздары соғысқа жақындатылған жағдайда сынақтан өтті. Бұл республикалық конкурстың міндетті шарты, деп жазады Today.kz  ҚР ҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Танктің астында жату, жауынгерлік керек-жарақпен кедергілер жолағынан өту, БТР-ды жүргізу және арнайы тапсырманы орындау, міне мұның бәрін 12 жеңімпазға өздерінің жауынгерлік әзірлігі және дене даярлығын дәлелдеу үшін орындауға тура келді", - делінген хабарламада.

Фото - Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметіненФото - Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметіненФото - Сурет: ҚР ҚМ баспасөз қызметіненФото -

Әйел әскерилер сынақ барысында өздерін арнайы жасақтың ұйымшыл жауынгерлеріндей сезінгенін айтады.

"Соғыс алаңында ерсің бе, әйелсің бе ешкім де аңғармайды. Тек қарсылас пен орындауға міндетті тапсырма ғана бар. Сондықтан да армияда қыздарға ешбір жеңілдіктің болмағаны әділдік деп есептеймін. Әскери қыз-келіншектер ер азаматтармен иық тіресе ең күрделі деген тапсырмалардың өзін тең дәрежеде орындайды. Мұндай жауынгерлік сынақтарға қатысу – бұл біздің әзірлігімізді көрсету мен әрине, өз күшімізді сынау деп білеміз. Сынақ күрделі болды. Дегенмен, біз бір команда ретінде жұмылып барлығын орындадық. Біз нағыз арнайы бөлімшеге айналдық", - дейді қатысушылардың бірі Айжан Мұсаева.

Конкурстың 12 қатысушысына кәсіби стилистер макияж жасап, олар арнайы күнтізбе үшін фотосессия мен ресми марапаттауға қатысады.

Естеріңізге салсақ, бұл конкурсқа қатысуға 200 әскери ниет білдірген, ұйымдастырушылар техникалық талапқа сай 80 анкетаны іріктеп алған. Конкурс жеңімпазадрының аты 1 шілдеде белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!