Назарбаевқа Олимпиадаға баратын спортшылардың киімі ұнады

Фотография - Назарбаевқа Олимпиадаға баратын спортшылардың киімі ұнады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туын ҚР ұлттық құраманың ту ұстаушысы Рұслан Жапаровқа ұсынды.

376 0


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына баратын Қазақстанның ұллтық құрама мүшелерімен кездесті, деп жазады Today.kz. Мемлекет басшысы қазақстандық делегацияның Риодағы Олимпиаданың ашылуы мен жабылу салтанатына киіп шығатын киіміне қанағаттанатындығын жеткізді.

"Форма әдемі екен, біздің олимпиадалық", - деді Нұрсұлтан Назарбаев кездесу басында.

Кездесу барысында Елбасы қазақстандық спортшыларды барынша күш салып, алдағы Олипиада ойындарында жоғары нәтиже көрсетуге шақырды.

"Сендер спорттағы біздің олимпиадалық отбасымыздың толыққанды мүшесісіңдер. Қазақстандықтар олимпиада нысандарындағы трибуналарда және теледидар алдында сендерге қолдау көрсететінін ұмытпауға тиіссіңдер. Сендердің қатысуларың барша отандастарымызды рухтандырады және қуантады. Сондықтан сендердің алдағы жеңістеріңді біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған сый ретінде күтеміз. Біз тебіреніс және шынайы толқыныспен сендердің жеңістеріңе сеніп, Олимпиада аяқталған соң жеңімпаздарды елде мақтанышпен және құрметпен күтетін боламыз", – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан туын ҚР ұлттық құраманың ту ұстаушысы, тхэквондодан халықаралық турнирлердің жеңімпазы Рұслан Жапаровқа берді.

Естеріңізге салсақ, мұның алдында әлеуметтік желі қолданушылары ұлттық құраманың формасын сынаған болатын.

Айта кетейік, Рио-де-Жанейродағы Олипиада 5 тамыздан 21-іаралығы өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!