Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Фотография - Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Президент, бұл мерекенің көмекке зәру адамдарға қол үшін берумен ерекшеленетінін атап өтті.

182 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады, деп жазады Today.kz  Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып. Мемелекет басшысы Ораза айттың бір шаңырақ астында бейбітшілік пен келісімде өмір кешіп жатқан бүкіл қазақстандықтарды біріктіретін мереке екендігін атап өтті.

"Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Рамазан – адамзат баласын рухани тазару арқылы мейірімділік пен сабырлылыққа жетелейтін ұлық та қасиетті айлардың бірі.

Ораза айттың шуақты күндерінде мұсылмандар бір-біріне айттап, жылы лебіздері мен ізгі тілектерін білдіреді.

Мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қуанышқа кенелту де – қасиетті мерекенің жарқын көріністерінің бірі.

Ораза айт – бір шаңырақтың астында ауызбіршілік пен келісімде өмір сүріп жатқан барша қазақстандықтарды біріктіре түсетін ынтымақ мейрамы.

Осы мызғымас құндылықтарымыздың арқасында біз Тәуелсіздік алғаннан бергі 25 жылда қарқынды түрде дамып келеміз.

Қастерлі Қазақстан жерінде өтетін әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өркениеттер үндестігіне сүбелі үлес болып қосылуда.   

Ораза айт мерекесіндегі игі істер исламның қайырымдылық пен мейірімділіктің, өзара көмек пен жанашырлықтың діні екенін айшықтай түседі.

Қасиетті мейрам күндері әрбір шаңыраққа шаттық пен денсаулық, игілік пен бақ-береке тілеймін.

Елімізде бірлік пен келісім салтанат құра берсін!  

Ораза айт мерекесі құтты болсын!", делінген хабарламада.  

Қазақстан мұсылмандары үш күндік Ораза айт мерекесін 5 маусым, яғни, бүгіннен бастап тойлай бастайды. Ораза айт Рамазан айының аяқталуын білдіреді. Бүгін таң намазынан кейін барлық ауыз бекіткен адамдар оразасын аяқтап, барлық жақындарын мерекемен құттықтайды. Барлық мұсылмандар үшін парыз болып келетін Ораза 2016 жылдың 6 маусымында басталып, 29 күнге созылды. 2 шілдеге қараған түні Қазақстан мұсылмандары Қадір түнін қарсы алған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!